×
511.92
588.91
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.92
588.91
6.44

Латвияда "орыс тілі – біздің тіліміз" деп айқайлаған депутат ұсталды

Бүгін, 15:27
Латвияда "орыс тілі  – біздің тіліміз" деп айқайлаған депутат ұсталды
Ашық дереккөзден

Латвияда “Тұрақтылық!” партиясының жетекшісі, Сеймнің бұрынғы депутаты Алексей Росликов ұсталды. Бұл туралы оның партияластары Игорь Юдин мен Светлана Чулкова Facebook парақшаларында хабарлады. Алайда ресми билік бұл ақпаратты әзірге растаған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia порталы Настоящее время басылымына сілтеме жасап.

Алексей Росликовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол Ресейге — агрессор мемлекетке көмек көрсетті және ұлттық өшпенділік пен араздықты қоздырды деген күдікке ілінді.

Іс қозғауға 2025 жылғы 5 маусымда парламент отырысында «қылмыстық орыстандыру» және оның тілдік салдары туралы декларацияны талқылау кезінде Росликовтың сөйлеген сөзі себеп болған. Аталған құжат Латвиядағы қоғамдық өмірде орыс тілін қолдануға шектеу қоюды мақсат етеді.

ДЕПУТАТ ҚАЛАЙ ТАНЫЛДЫ

Латвияның сеймі (парламенті) "Тұрақтылық" партиясының жетекшісі Алексей Росликовты "Латвиядағы орыстандыру және оның тілдік салдарын жою туралы" декларацияны талқылау кезінде орыс тіліне қолдау білдіргені үшін отырысқа қатысудан шеттетті

– Орыс тілі  – бұл біздің тіліміз, – деді Росликов.

Оның айтуынша, ел халқының елеулі бөлігі –  орыстар және олар күнделікті үйде өз ана тілінде сөйлейді, ал ондай адамдарсыз елдің дамуы мүмкін емес. Осы мәлімдемеден кейін парламент спикері Дайга Миериня Росликовты “этикаға сай емес мінез-құлқы” мен отырыс кезінде орыс тілін қолданғаны үшін залдан шығару жөнінде дауыс беруді жариялады. Бұл шешімді 63 депутат қолдап, Росликов залдан шығып кетті.

Сонымен қатар, Росликов алдағы алты парламент отырысына қатысу құқығынан айырылуы мүмкін.

29 мамырда Латвия сеймі үшінші және соңғы оқылымда қабылдаған түзетулерге сәйкес, депутаттар қызметтік орындарда тек мемлекеттік латыш тілін қолдануға міндетті. 

2024 жылы 20 маусымда Латвия парламенті елде тұрып жатқан ресейліктерге тұруға ықтиярхатты ұзарту үшін латыш тілі емтиханын тапсыруды міндеттейтін заң қабылдады. Бұл өзгерістер 2003 жылға дейін ықтиярхат алғандарға қатысты, ал 75 жастан асқан адамдарға бұл талап қолданылмайды.

Серіктес жаңалықтары