×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Үкімет Тоқаев тапсырған жедел іс-қимыл жоспарының жобасын мақұлдады

18.01.2022, 08:56
Фото: Ашық дереккөзден

Жоспардың жобасында  қауіпсіздікке, азаматтар мен  бизнес субъектілерін жан-жақты қолдауға және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тез арада тұрақтандыруға арналған бірқатар шұғыл  және қысқа мерзімді шаралар қамтылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz. 

Жоспарды іске асыру барысында, бірінші кезекте, қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен  зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Сондай-ақ күштік құрылымдар мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне де  тиісті мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

«Жоспардағы Ішкі істер министрлігіне қатысты тармақтардың барлығы өте маңызды  әрі олар  сапалы және жедел орындалуы тиіс.  Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қарыздары мен микрокредиттерін өтеу мерзімі  төтенше жағдай аяқталғанша шегерілді. «Атамекен» палатасы мародерліктен зардап шеккен бизнес субъектілерінің тізілімін жасады. Жаппай тәртіпсіздіктер салдарын жою жөніндегі үкіметтік және өңірлік комиссиялар жұмысын аяқтағаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттерден  шығынды өтеу үшін тиісті қаражат бөлінеді», - деді үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар бизнеске түскен ауыртпалықты азайту үшін 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кіріс органдарының салықтық және кедендік тексерулері мен  камералдық бақылау хабарламаларын беру  уақытша тоқтатылады. «Атамекен» палатасымен бірге  Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеп, қабылдау жоспарланып отыр.  

«Біз үшін  ең басты мақсат  – халықтың табысын арттыру. Кез келген жоспар, кез келген бағдарлама  бірінші кезекте, халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыстың тиімділігі  дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланатын болады. Жастар арасындағы  жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары аясында жалақы мөлшері мен  жобаларға қатысу мерзімі ұлғаяды. «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры мұқтаж балаларға заманауи  және қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді алуына мүмкіндік береді», - деді ол.

Осылайша, жедел іс-қимыл жоспарының жобасын мақұлданды.  

 

Серіктес жаңалықтары