×
519.55
596.03
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.55
596.03
6.63

Маңғыстауда ұшатын белгісіз аппарат табылды

Бүгін, 12:17
Маңғыстауда ұшатын белгісіз аппарат табылды
Фото: Lada.kz

19 маусым күні күндіз Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Болашақ шекаралық теміржол станциясы маңынан ұшатын аппарат табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Куәгерлердің айтуынша, аппарат Болашақ станциясы маңынан табылған. Бұл туралы тиісті органдарға хабар берілген. Оқиға орнына құқық қорғау және төтенше жағдай қызметкерлері жіберіліп, мән-жай анықталып жатыр.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, табылған нысан – ұшқышсыз басқарылатын аппарат (дрон).

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсінік берді. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, ұшатын аппарат елді мекендерден шалғай жерде табылған.

– Ешқандай залал келтірілмеген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – дейді ведомство өкілдері.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да Ресеймен шекаралас ауданда үш дрон құлаған болатын. 

Серіктес жаңалықтары