Астанадағы Жоламан әуеайлағы маңында маңында әуе апаты болды, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
2025 жылғы 22 маусымда шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында (Астана қаласы) оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі.
– Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды, – деп хабарлады Көлік министрлігі.
Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.
Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.