×
521.57
601.01
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.57
601.01
6.65

Түркия қандай жағдайда Қазақстанның көмегіне жүгінетіні айтылды

Бүгін, 09:20
Түркия қандай жағдайда Қазақстанның көмегіне жүгінетіні айтылды
Ашық дереккөзден

Түркия Қазақстан арқылы өтетін бағыттарды қоса алғанда, балама маршруттарды күшейту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түркия Ормуз бұғазы жабылған жағдайда әрекет ету үшін «Орта дәліз» және «Даму жолы» сияқты логистикалық бастамаларды іске асыруда. Бұл туралы Түркияның көлік министрі Әбдүлкадир Уралоғлу Hürriyet басылымына мәлім етті. Ормуз бұғазы Парсы шығанағы мен Оман шығанағын жалғайды. Бұл стратегиялық маңызды аймақта Бахрейн, Ирак, Иран, Катар, Кувейт және Сауд Арабиясы сияқты ірі мұнай-газ державалары орналасқан.

– Ормуз бұғазы жабылған жағдайда құрлық және теңіз арқылы балама бағыттарымыз болуы тиіс. Сондықтан біз «Орта дәліз» және «Даму жолы» жобаларын белсенді түрде ілгерілетіп жатырмыз. Түркия арқылы 2,1 мың шақырымға созылатын «Даму жолы» өтеді, бұл жобаға шамамен 24 миллиард доллар инвестиция саламыз. Ал ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын Орта дәліз де нығайтылып жатыр, оның кейбір бөліктері қазірдің өзінде аяқталған, – деді министр.

Министрдің айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейін «Даму жолы» арқылы Еуропаға жүк жеткізу мерзімі 25 күнге дейін, ал Орта дәліз арқылы – 13 күнге дейін қысқарады.

АНЫҚТАМА

Орта (Транскаспий) дәлізі Қытайды Еуропамен Қазақстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы байланыстырады. Бұл маршрут Каспий теңізі арқылы теміржол және теңіз тасымалдарын қамтиды. Жалпы ұзындығы – 11 мың шақырым, жылдық өткізу қабілеті – 27 миллион тоннаға дейін.

Серіктес жаңалықтары