×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Тұңғыш Президент туралы заң елбасыға қандай кепілдік береді

18.01.2022, 16:03
Фото: ашық дереккөзден

2000 жылы Қазақстанда Тұңғыш президенттің ар-намысына ешкiм тиiсуге болмайтындығы және Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылатыны туралы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заң қабылданды. Аталған заң арқылы қандай артықшылықтар берілгені туралы төменде тарқатылған.

ОТБАСЫ МҮЛКІНЕ ҚОЛ СҰҒУҒА БОЛМАЙДЫ

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Заңда Елбасының (Ұлт Көшбасшысының) абыройы мен ар-намысына ешкiмнiң тиiсуiне болмайтындығы және ол Қазақстан Президенті болып тұрған кезде жасаған әрекеттері үшін жауапқа тартылмайтыны туралы айтылған.

Тұңғыш Президент мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін Елбасы мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылмайды. Оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, жауап алуға немесе денесін тінтуге және қамауда ұстауға болмайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығындағы барлық мүлікке қол сұғылмайды.

Мүлікке тұрғын үй және қызметтік үй-жайлар, қызметтік көліктер, байланыс құралдары, хат-хабарлар, оларға тиесілі құжаттар жатады. Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорына және ол құрған өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қатысты.

Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке меншігіндегі мүлікке, сондай-ақ ол құрған заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қоюға болмайды.

Тұңғыш Президент пен оның отбасына да банктік құпияға және банк шоттарына қол сұғылмауға кепілдік беріледі.

НАЗАРБАЕВ ПЕН ОНЫҢ ОТБАСЫ ӨМІР БОЙЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын қорғау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктелді.

Тұңғыш Президент тұрақты немесе уақытша тұратын жерінде өмір бойы мемлекеттік қорғауға алынады.

Фото: Н.Назарбаевтың отбасы мүшелері, ашық дереккөзден

Мемлекеттiк қорғау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруын тоқтатқан,  онымен бірге тұратын немесе оның айналасындағы адамдарға да қатысты.

НАЗАРБАЕВТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРІ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

Өз өкілеттіктерін жүзеге асыруды тоқтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жасына қарамастан Қазақстан Президентінің айлық лауазымдық жалақысының 80 пайызы мөлшерінде ай сайынғы зейнетақы алуға құқылы. Елбасының зейнетақысы ел Президентінің лауазымдық жалақысының өсуін ескере отырып өсіріледі.

Өкiлеттiгiн жүзеге асыруды тоқтатқан Тұңғыш Президенттiң өмiрi мен денсаулығы Қазақстан Президентiнiң жыл сайынғы лауазымдық жалақысына тең мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi мемлекеттiк сақтандыруға жатады.

Онымен бірге тұрған Елбасы отбасының әрбір мүшесіне ол қайтыс болған күні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жасына байланысты ең төменгі зейнетақының 10 еселенген мөлшерінде өмір бойына ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады.

Сонымен қатар, Елбасы мен оның отбасы мүшелері бірінші президент – мемлекет басшысы қызметін тоқтатқан кезде көрсетілген көлемде және түрдегі тегін медициналық көмек пен санаториялық-курорттық емделуге құқылы.

НАЗАРБАЕВТЫҢ ШЫҒЫНЫН КІМ ТӨЛЕЙДІ

Конституциялық заңға сәйкес осы Конституциялық заңда көзделген шығыстарды қаржыландыру, оның ішінде қорды толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын қорғауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Нұрсұлтан Назарбаевқа және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үй, емдеу, санаторий-курорттық, көлік және басқа да қызметтерді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары