×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Қазақстанның ЛГБТ өкілдері БҰҰ брифингінде не жайлы айтқан

Бүгін, 10:00
Қазақстанның ЛГБТ өкілдері БҰҰ брифингінде не жайлы айтқан
Видео кадры

Қазақстанның ЛГБТ өкілдері БҰҰ-да өткен бейресми брифингте сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Феминита" ұйымының негізін қалаушы Гүлзада Сержан бүгін БҰҰ-да Қазақстандағы лесбиан, бисексуал, куир және транс әйелдердің құқықтарының бұзылуы туралы сөз сөйледі.  Гүлзада Сержан Женевада өткен бейресми брифингте ҮЕҰ-мен кездесуде ЛБКТ-әйелдердің жағдайы туралы баяндаған. 

- Біз арнайы баяндамашымен кездестік. Ол сот және адвокаттардың тәуелсіздігі үшін жауапты баяндамашы. Біз оған Жанар мен маған қатысты соттардың өте заң бұзушылықпен өтетіні туралы айттық. Естеріңізде болса, Жанар және маған қатысты соттар тәуелді түрде дайындалған, сот материалдарына қарамай үкімді шығара береді. Оның бәрі түзетілуі керек. Сот тәуелсіз, іс материалдарына қарап кінәлі не кінәсіз екенін есептеу керек. Шешімді тәуелсіз түрде жасауы керек, дейді Гүлзада Сержан. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 28 ақпанда «Феминита» ұйымының негізін қалаған Жанар Секербаеваны Алматыда полиция бөліміне алып кеткен болатын. Ал Гүлзада Сержанға айыппұл салынды

ЗЕРТТЕУ

Бұған дейін Ulysmedia редакциясы USAID ұйымының әлем бойынша қызметін тоқтатқаннан кейін Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың жағдайын зерттеген еді. Қазақстандық феминистік бастамалардың белсендісі Жанар Секербаева "Feminitа" ұйымының USAID-пен ешқандай байланысы жоқ екенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары