×
523.46
600.04
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.46
600.04
6.69

Қазақстанда ипотеканың алғашқы жарнасын көбейту қарастырылып жатыр

Бүгін, 16:27
Қазақстанда ипотеканың алғашқы жарнасын көбейту қарастырылып жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша базалық мөлшерлемені 20%-ға дейін төмендету процесі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әбілқасымованың айтуынша, банктерге ескі мөлшерлеме бойынша өтініш берген азаматтардың саны өте көп. Алайда жаңа талаптар бірден күшіне енгендіктен, өтініштердің басым бөлігі кері қайтарылу қаупінде болған.

- Банкке бұрынғы мөлшерлеме бойынша өте көп өтініш келіп түскен. Аралық кезең қарастырылмағандықтан, бұл өтініштердің бәрі автоматты түрде қабылданбай қалуы мүмкін еді. Сондықтан банктер бұрын түскен өтініштер бойынша несие беруі үшін аралық кезең енгізу туралы шешім қабылданды, – деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, мұндай өзгерістер кезінде әдетте “өтпелі кезең” белгіленеді.

20% ТЫМ ЖОҒАРЫ МӨЛШЕРЛЕМЕ

Қаржы реттеуші орган 20%-дық ипотекалық мөлшерлеменің өзі халық үшін ауыр екенін айтып отыр.

- Ипотекалық несиелер ұзақ мерзімге беріледі, қарыз сомасы да айтарлықтай үлкен. Бұл әрі қарыз алушы, әрі қаржы жүйесі үшін тәуекел тудырады. Банктер үшін де бұл – мерзімі өткен несиелердің артуына алып келетін қауіп. Сондықтан біз жоғары пайызбен берілетін ипотекалық несиелендіруді шектеуді мақсат етіп отырмыз, – деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, ол агенттік ұлттық банкпен бірлесіп, ипотека бойынша бастапқы жарнаны арттыру шараларын қарастырып жатқанын айтты. Мұндай өзгеріс енгізілсе, тұрғындар мойнындағы қарыз көлемі азайып, жалпы несие жүктемесі төмендейді.

- Біз болашақта мөлшерлемені төмендету, оны шектеу және ипотекалық несиелерге қойылатын талаптарды қатайту бағытында жұмыс жүргізуді жалғастырамыз, – деді агенттік төрағасы.

Серіктес жаңалықтары