×
519.64
609.23
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.64
609.23
6.62

Даниал Ахметовтің күйеубаласы ҚТЖ-ны уақытша басқарады

Бүгін, 17:21
Даниал Ахметовтің күйеубаласы ҚТЖ-ны уақытша басқарады
Ulysmedia.kz коллажы

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын уақытша Ерлан Қойшыбаев басқарады. Бұл шешім ішкі нормативтік актілерге сәйкес қабылданған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл ақпаратты ҚТЖ өкілдері Ұлысмедиа тілшісіне растады. 

- Ішкі нормативтік актілерге сәйкес, "ҚТЖ" ҰК" АҚ логистика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев компания басшысының міндетін уақытша атқарады, делінген жауапта. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ-ны басқарған Нұрлан Сауранбаев мемлекет басшысының жарлығымен көлік министрі лауазымына тағайындалған болатын.

ДАНИАЛ АХМЕТОВПЕН БАЙЛАНЫС

Ерлан Қойшыбаев – Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің қызы Аделия Ахметованың күйеуі. Ахметов аталған өңірді 2014 жылдың қарашасынан 2023 жылдың маусымына дейін, яғни он жылға жуық басқарған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

20 ақпанда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты іс қозғалғаны белгілі болған еді. Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Арызға сәйкес, келген алдын ала залал – 1,5 млрд теңгеден астам.

Серіктес жаңалықтары