×
518.37
609.97
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.37
609.97
6.6

Қазақстанда ерте піскен қарбыздарда нитрат шекті мөлшерден асып кеткен

Бүгін, 15:24
Қазақстанда ерте піскен қарбыздарда нитрат шекті мөлшерден асып кеткен
фото: medium.com

Қазақстанда сатылып жатқан ерте піскен қарбыздардың құрамында нитрат мөлшерінің шекті нормадан асып кетуі жаппай тіркеліп отыр. Негізгі жеткізушілер еліміздің оңтүстік өңірлері мен Өзбекстан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Atpress.kz мәліметінше, Атырауда қарбыздың орташа бағасы килограмына 250–300 теңге аралығында. Қазіргі таңда санитарлық мамандар қауіпті өнімді анықтау үшін "бақылау сатып алуларын" жүргізуде. Ондаған жағдайда нитрат мөлшерінің рұқсат етілген нормадан асқаны анықталған.

— Жалпы 273 түрлі жеміс-жидек пен көкөністен сынама алынды. Соның ішінде 48 жағдайда нитрат деңгейі талапқа сай келмеді. Дегенмен, қазіргі таңда қарбыздан улану фактілері тіркелген жоқ. Қарбыздардың басым бөлігі еліміздің оңтүстігінен және жақын шетелдерден жеткізілуде, – дейді Атырау облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Ысқақова.

МАМАНДАРДЫҢ КЕҢЕСІ

Айгүл Ысқақованың айтуынша, сатушының қарбызды кесіп көрсетуіне рұқсат беруге болмайды, себебі сол сәтте жемістің сырты мен пышақ, сондай-ақ сатушының қолындағы микробтар қарбыздың ішкі бөлігіне түсіп кетуі мүмкін. Қарбызды тұтынар алдында ағынды суда щеткамен жақсылап жуу қажет.

Қарбызды сол күні тұтынған жөн, ал қалған бөлігін тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақтамау керек. Сондай-ақ мамандар қарбыздың ішкі бөлігін толық жеуден аулақ болуға кеңес береді, себебі нитраттар негізінен қабығына жақын бөлігінде және сабағының түбінде көбірек жиналады.

Серіктес жаңалықтары