×
519.57
612.78
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.57
612.78
6.61

Қазақстандық азамат сыраның сырты тумен ұқсас болғанына ашуланды

Қазақстандық азамат сыраның сырты тумен ұқсас болғанына ашуланды
Видео кадры

Қазақстандық азамат сыраның сырты тумен ұқсас болғанына ашуланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы белсенді Тәңірберген Бердоңғаров жазды. Видеода оқырманы Бердонғаровқа сыртқы дизайны Қазақстанның туына ұқсас сыраның видеосын жіберген. 

- Бастысы – бұл Шымкенттік фирмаға заң жүзінде ілік табу қиын, себебі ресми түрде ешқандай заң бұзылмаған. Ал сіз қалай ойлайсыз? Мемлекеттік органдар бұл жағдайға назар аударуы керек пе?, – дейді Бердоңғаров. 

ЖЕЛІ РЕАКЦИЯСЫ

Желі қолданушылары бұл жайтқа байланысты түрлі пікір жазған. 

- Бұл жерден туды қайдан көріп отырсыз? Түсі, ою-өрнек – иә ұқсайды, бірақ бұл ту емес қой. Түсі осындай түрлі зат бар. 

- Қазақстан туын қайдан көріп тұр? 

- Қазақтың ою-өрнектері мен қыздары, тудың түсі. Ешқандай құрмет жоқ.

ЗАҢНАМА

Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Мемлекеттік рәміздер туралы» заңда рәміздерге қатысты нақты нормалар бекітілген. Әр азамат оларды құрметтеуге, дұрыс қолдануға міндетті. Туды немесе Әнұранды бұрмалау - заңмен жазаланатын құқықбұзушылық.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын немесе Мемлекеттік Әнұранын қорлау - қылмыс болып саналады. Бұл бап бойынша:

Рәміздерді қорлаған адам 2000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде айыппұлға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға тартылуы мүмкін.

ӘКІМШІЛІК ЖАЗА

Егер әрекет қылмыстық құрамға жетпесе, кей жағдайда бұл құқықбұзушылық Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша қаралуы мүмкін. Мұнда да айыппұл немесе қамауға алу түріндегі жаза қолданылады.

Серіктес жаңалықтары