АҚШ президенті Дональд Трамп миллиардер Илон Масктың жаңа партия құру туралы бастамасын «өте күлкілі жағдай» деп, «Маск ақылынан алжасты» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дональд Трамп өзінің Truth Social желісінде АҚШ саяси жүйесінде үшінші партия құру жоспары ешуақытта жүзеге аспағанын жазды.
– Үшінші партиялардың қолынан келетін жалғыз нәрсе – бұл толық құлдырау мен хаосты және бұл бізге жеткілікті. Рдикалды солшыл демократтар оқыл-ойын жоғалтқан, – деді Трамп.
4 шілдеде, АҚШ-тың тәуелсіздік күнінде Маск «Біз Америка партиясын құруымыз керек пе?» деген сауалнама жүргізіп, оған 1,3 миллионға жуық адам дауыс берді. «Екі партиялық жүйеден тәуелсіздік алайық» идеясын респонденттердің 65 пайыздан астамы қолдады.
6 шілдеде Америка партиясын тіркеу туралы құжаттар АҚШ федералды сайлау комиссиясына түскені белгілі болды.