×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Штутгартта тұратын этникалық неміс Қазақстанға оралғысы келеді

Бүгін, 14:40
Штутгартта тұратын этникалық неміс Қазақстанға оралғысы келеді
Видеодан алынған кадр

Штутгартта тұратын Юрий есімді азамат Германиядағы өмірге үйрене алмағанын айтып, түбінде Қазақстанға қайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Юрий – журналист Ренат Ташқынбаев жүргізетін YouTube-арнаның кезекті кейіпкері. Ол туған жері – Солтүстік Қазақстан облысындағы Смирново ауылына келіп қайтқан.

Юрийдің айтуынша, Германияда жағдайы жақсы: үйі, отбасы, тәп-тәуір жұмысы бар. Алайда туған жерді ылғи аңсап тұрады. Ол алдағы 10 жыл ішінде, балалары есейген соң, Қазақстанға біржола оралуды ойлап жүр.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Германияда бәрі жақсы: жұмыс, үй. Бірақ климат мазалайды-ау деймін. Ол жақта ауа ауыр, ал мұнда жеңіл тыныс аласың, үнемі сергек жүресің. 10 жылдан кейін, балалар өсіп, есейген соң Қазақстанға ораламын деп ойлаймын. Германияға әлі күнге дейін үйрене алмай жүрмін. Мұнда бәрі – туған: туыстар, достар. Өзімді жақсы сезінемін. Бұл менің туған Отаным болып қала береді, – дейді Юрий.

Еске салайық, бұған дейін Германияның Висбаден қаласында жергілікті тұрғындар үшін күтпеген дүкен ашылды. Оның иелері – Қазақстанда көп жыл өмір сүрген немістер. Сауда сөрелерінде азық-түліктен бөлек, еліміздің символикасы бейнеленген киім-кешек те бар. Дүкеннің басты ерекшелігі – ұлттық қазақ киімін киген кассир.

 

Серіктес жаңалықтары