×
518.97
607.3
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.97
607.3
6.64

Қыз алып қашу: Қозғалған қылмыстық істердің 94 пайызы сотқа жетпей тоқтаған

Бүгін, 17:25
Қыз алып қашу: Қозғалған қылмыстық істердің 94 пайызы сотқа жетпей тоқтаған
ulysmedia/ЖИ

Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты қозғалған қылмыстық істің 94,3 пайызы сотқа жетпей тоқтайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әділет министрлігінің қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаментінің директоры Думан Сүлейменов брифингте қыз алып қашу бойынша істердің басым көпшілігі сотқа жетпей жабылатынын айтты. Оның сөзінше, 2019-2023 жылдар аралығында қыз алып қашу фактісі бойынша 214 іс қозғалған. Оның 94,3 пайызы қылмыс құрамы жоқ деген себеппен жабылған. Тек 10 іс ғана сотқа жеткен.

– Яғни, сотқа 5 пайызы іс ғана жетеді. Осыншама жәбірленуші ғана мемлекеттен қорған сұрауға шешім қабылдайды. Сонымен қатар, сарапшылар мұндай қылмыстар әлдеқайда көп деп санайды. Өйткені жас қыздар беделін жоғалтудан, жариялылықтан қорқады, – деді ол.

Істердің сотқа жетпеуіне тағы бір себеп ҚК 125-бабы. Ол бойынша егер қызды алып қашқан тұлға оны ешқандай зиян тигізбей өз еркімен босататын болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

– Бұл мәжбүрлі некеге тұру үшін қыз ұрлайтындарға алып қашқан адамды белгілі бір уақыт күшпен, оның жүріп-тұру еркіндігін шектеп ұстауға, жақындарымен байланысуына мүмкіндік бермеуге, көндіруге, психологиялық және моральдық қысым жасауға мүмкіндік береді. Егер олар оны мәжбүрлей алмаса, оны жай ғана жібереді салады, – дейді ол.

Думан Сүлейменов көп жағдайда әйелдің жыныстық еркіндігіне немесе баланың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы ауыр қылмыс жасағаннан кейін некеге мәжбүрлеу жиі болады дейді. Оның сөзінше, депутаттар некеге мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныс жасаған.

Мамырда мәжіліс депутаттары қыз ұрлау бойынша жазаны қатаңдату ұсынысын қолдаған. Депутат Мұрат Әбенов  айыппұлдан бөлек, бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынған.Ол барлық жағдайда қыз ұрлағандар жауапкершіліктен құтылып кететін айтқан. Әбенов қыз алып қазу фактілері көп жағдайда елдің оңтүстігінде тіркеледі деген.

 

Серіктес жаңалықтары