×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Тәжікстан жүк тасымалын Қазақстанды айналып өтетін жолмен жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Бүгін, 14:14
Тәжікстан жүк тасымалын Қазақстанды айналып өтетін жолмен жүзеге асыруды жоспарлап отыр
Pixabay.com

Орталық Азиядағы тағы бір ел — Тәжікстан халықаралық нарыққа Қазақстансыз шығуға мүмкіндік беретін теміржол жобасына қосылуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әңгіме Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан бағытындағы теміржол құрылысы туралы болып отыр. Бұл жоба Жаңа Жібек жолы көлік жүйесінің бір бөлігіне айналмақ. Енді Тәжікстан да осы маршрутқа қосылуға ресми түрде қызығушылық білдірді.

Тәжікстанның көлік министрі Азим Иброҳим Қытайдың көлік министрі Лю Вэймен кездесіп, елді халықаралық дәлізге қосу мүмкіндігін талқылаған.

– Кездесу барысында Қытай – Тәжікстан – Өзбекстан – Түрікменстан – Иран – Түркия – Еуропа мультимодальды дәлізін дамытуға Қытай Халық Республикасының қолдау көрсетуі және Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржол құрылысы жобасына Тәжікстан Республикасының қосылуы мәселесі қаралды, – деп хабарлады Тәжікстан көлік министрлігі.

АНЫҚТАМА

Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан (ҚҚӨ) теміржол дәлізі — Орталық Азия елдеріне Қазақстан арқылы өтпейтін балама бағыт ұсынатын «Жаңа Жібек жолы» көлік жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.

Жоба идеясы алғаш рет 1990-жылдары көтеріліп, 1997 жылы үш ел арасында меморандумға қол қойылған. Көпжылдық кідірістерден кейін құрылыс жұмыстары 2024 жылғы 27 желтоқсанда Жалал-Абад маңында ресми түрде басталды, ал нақты құрылыс 2025 жылғы шілдеге жоспарланған.

Бағыт Қашғардан (Қытай) Торугарт, Арпа жазығы мен Жалал-Абад арқылы өтіп, Әндіжанға (Өзбекстан) жетеді. Бұл Еуропаға апаратын тікелей жол саналады — Қазақстан мен Ресейді айналып өтіп, жолды 900 шақырымға қысқартады.

Серіктес жаңалықтары