Премьер-министр Олжас Бектенов үкіметтегі баспасөз брифингі барысында Қазақстанда девальвация күтіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бектеновтің айтуынша, Қазақстанда доллар бағамы нарықтық факторлар негізінде қалыптасады.
- Теңге бағамының күрт әлсіреуіне алғышарт жоқ. Біз бюджет жобасымен жұмыс істеп жатырмыз және доллардың теңгеге қатысты базалық бағамын бір баррель мұнай бағасы шамамен 60 доллар болған жағдайда 540 теңге көлемінде қарастырамыз. Егер мұнай бағасы 50 долларға дейін төмендеп кетсе, онда пессимистік сценарий іске қосылады және басқа тетіктер жұмыс істейді, – деді Бектенов.
Сонымен қатар, үкімет басшысы базалық сценарийдің ең шынайы нұсқа екенін және Қазақстанда девальвация күтілмейтінін нақтылады.
КОНТЕКСТ
Үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамының динамикасы туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері теңге 1 пайызға нығайып, АҚШ доллары үшін 519,73 теңге деңгейіне жеткен.