Желіде Мадлен лақап атымен белгілі блогер Мадинахон Мамадалиева "Мен қазақ тілін білмеймін" деп жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға белгілі блогер Артур Асқарұлының үйлену тойында болған. Той жүргізушілері Мадленді конкурсқа қатысуға шақырып, артынша “басыңыз бос па?” деп қазақша сұрайды. Осы сәтте блогер “мен қазақ тілін білмеймін” деп жауап береді.
Алайда той жүргізушілері саспай, сұрақты ағылшынша қояды. Сол сәтте блогер Мадлен қойылған сұраққа еркін жауап береді.
ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ
Бұл жайт қазақстандық қооданушыларға ұнамаған.
БЛОГЕР ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Мадлен Қазақстанда 2 миллион аудиториясы бар блогер. Instagram әлеуметтік желісінде белсенді.