×
538.89
629.53
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.89
629.53
6.34

Астанада Панфилов көшесінің тағы бір бөлігі жабылды

27.07.2025, 10:10
Астанада Панфилов көшесінің тағы бір бөлігі жабылды
ашық дереккөз

Астанада Панфилов көшесінің тағы бір учаскесі уақытша жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Панфилов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан тұйық көшеге дейінгі аралығында жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Осыған байланысты 25 шілде мен 5 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай шектеледі, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, көліктер үшін қозғалыс екі бағытта бір жақ жолағы арқылы ұйымдастырылады.

Серіктес жаңалықтары