×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Трамптың үндеуіне қарамастан, Таиланд пен Камбоджа шекарасында атыс жалғасып жатыр

Бүгін, 12:49
Трамптың үндеуіне қарамастан, Таиланд пен Камбоджа шекарасында атыс жалғасып жатыр
AFP

АҚШ президенті Дональд Трамп атысты тоқтатуға шақырғанына қарамастан, Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы қақтығыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Камбоджа мен Таиланд шекарадағы даулы аймақтарда бір-бірін артиллериялық шабуыл жасады деп айыптап отыр. Бұл атыстар Дональд Трамп екі ел басшылары оқ атуды тоқтату жөнінде келісімге келді деп мәлімдегеннен бірнеше сағат өткен соң болған. Камбоджа Трамптың шұғыл бітімге келу жөніндегі үндеуін толығымен қолдайтынын хабарлады.

Таиландтың уақытша премьер-министрі Пхумтам Вечаячай шекараға аттанар алдында:

– Мен АҚШ президентіне ризашылығымды білдіремін. Бірақ Камбоджа бейбіт тұрғындарымызға шабуылдап жатқанда, біз келіссөзді бастай алмаймыз, – деді.

Пномпень бұл айыптауды теріске шығарып отыр.

Вечаячайдың айтуынша, Таиланд Камбоджаға сыртқы істер министрлері деңгейінде екіжақты келіссөздер өткізіп, атысты тоқтату мен алыс қашықтықтағы қарулар мен әскерді шегіндіру шарттарын келісуді ұсынған.

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы көрші елдер арасында кейінгі 10 жыл ішіндегі ең ауқымды ұрыс басталғанына төрт күн болғанда, қаза тапқандар саны 30-дан асты. Оның ішінде Таиландта – 13 бейбіт тұрғын, Камбоджада – 8 адам. Екі елдің шекара маңынан 200 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

КОНТЕКСТ

Қақтығыс мамыр айының соңында камбоджалық сарбаз қаза болғаннан кейін басталған. Бұл оқиға шекарада болған қысқа атыс кезінде болған. Осыдан кейін қос тарап та шекарадағы әскери күшін күшейтіп, Таиландтағы коалициялық үкімет дағдарысқа ұшырай бастады.

Таиланд пен Камбоджа 817 шақырымдық құрлық шекарасының бойындағы бірнеше нақты белгіленбеген аумақтар үшін ондаған жылдар бойы дауласып жатыр. Даудың басты себебі — XI ғасырда салынған Та Моан Тхом мен Прэахвихеа индуистік храмдарының иелік мәселесі.

1962 жылы БҰҰ Халықаралық соты Прэахвихеа храмын Камбоджаға берген. Алайда 2008 жылы Камбоджа оны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізуге талпынғаннан кейін қайтадан шиеленіс өршіді. Биыл маусымда Камбоджа бұл дауды шешу үшін Халықаралық сотқа қайта жүгінгенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары