×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Израиль Газаға гуманитарлық көмек жеткізіп, ұрыс қимылдарын уақытша тоқтатты

Бүгін, 15:20
Израиль Газаға гуманитарлық көмек жеткізіп, ұрыс қимылдарын уақытша тоқтатты
Reuters

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторына гуманитарлық көмекті әуе арқылы жеткізуді қайта бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК

– Халықаралық ұйымдармен бірлесе жүзеге асырылған гуманитарлық жүк жеткізу аясында ұн, қант және консервіленген тағам салынған жеті қаптама жеткізілді, – делінген Израиль армиясының хабарламасында.

Палестиналық дереккөздер Reuters агенттігіне жүктердің Газаның солтүстік бөлігіне түскенін растаған.

ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНДАҒЫ ҮЗІЛІС

Израиль Газадағы үш ауданда гуманитарлық көмекті жеткізу үшін “тактикалық үзіліс” жариялады.

– Саяси басшылықтың нұсқауына сәйкес және Газада әдейі ашаршылық ұйымдастырылып жатыр деген жалған айыптауларға жауап ретінде БҰҰ колонналарының азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуіне арналған гуманитарлық дәліздер ұйымдастырылады, – делінген ЦАХАЛ хабарламасында.

Израиль тарапы гуманитарлық көмекті тарату БҰҰ мен халықаралық гуманитарлық ұйымдардың жауапкершілігінде екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары