×
546.36
630.44
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.36
630.44
6.7

Астанада әйел ауруханада баласынан айырылды: дәрігерлер "қатысымыз жоқ" дейді

30.07.2025, 10:33
Астанада әйел ауруханада баласынан айырылды: дәрігерлер "қатысымыз жоқ" дейді
Видео кадры

Астанада жүкті әйел баласынан айырылып қалды. Аурухана өкілдері "біздің қатысымыз жоқ" деп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жағдайды палатадағы көршісі баяндады

Әлеуметтік желілерде Астанадағы №2 облыстық ауруханада болған қайғылы жағдай туралы жазба тарады. Оқиға туралы жүкті болған әйелдің палатадағы көршісі айтып берді. Оның сөзінше, әйел Манас көшесіндегі 22-үй мекенжайында орналасқан ауруханада жатқан.

Пайдаланушы жазбасында науқастың жағдайы ауыр болғанын — жүктіліктен айырылу қаупі және қатты қан кету болғанын айтады. Бірақ медицина қызметкерлері көмектесуге асықпаған.

- Дәрігерлер тек 1 сағат 45 минуттан кейін келді, ал медбикелер бұл аралықта еш әрекет етпей, дәрігердің нұсқауын күттік деп отыр, – делінген жазбада.

Оның айтуынша, бұған дейін әйелдің жағдайы тұрақты болған.

Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс басталғанын хабарлады

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жайт бойынша қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын, қызметтік тергеу басталғанын хабарлаған. 

Аурухана не дейді

Аурухана өкілдері әйелдің жүктілігінің бастапқы кезеңінде 6 апта 5 күнде, жүктіліктен айырылу қаупімен түскенін хабарлады. Бұл оның бесінші жүктілігі болған. Медициналық картада 2021 жылы үй жағдайында болған түсік оқиғасы да тіркелген.

Медициналық мекеменің директоры Олжас Бюрабековтің айтуынша, науқас жағдайына сай аралықпен бақыланып отырған, әр 1,5–2 сағат сайын қаралған.

— Дәрігерлер жүктілікті сақтап қалуға барынша тырысты. Алайда барлық шараларға қарамастан, әйел ағзасындағы жатырдағы ұрықтың жойылу процесі тоқтатылмады, — деді Бюрабеков.

Серіктес жаңалықтары