×
546.36
630.44
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.36
630.44
6.7

Бишімбаевтың інісі Байжановқа рақымшылық жасалды

30.07.2025, 11:50
Бишімбаевтың інісі Байжановқа рақымшылық жасалды
Ulysmedia.kz коллажы

Степногорск қалалық соты Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылық туралы өтінішін қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Степногорск қалалық соты ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған амнистия туралы заң аясында сотталған Байжановқа қатысты түзету мекемесінің ұсынымын қарап, оны қанағаттандырды.

2024 жылғы 13 мамырда Байжанов аса ауыр емес қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот үкімінде көрсетілгендей, ол мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеген және процестік шығындарды да жапқан.

ҚР Қылмыстық кодексінің 78-бабының 2-тармағына және амнистия туралы заң талаптарына сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылуы мүмкін.

Осыған орай, сот Байжановтың жаза мерзімін 1 жыл 4 ай 17 күнге дейін қысқартты. Алайда бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Бұған дейін Ұлысмедиа тілшісіне адвокат Ғазиз Ынтықбаев Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, Байжанов рақымшылық жасауды сұрап, өтініш бергені белгілі болды. 

Серіктес жаңалықтары