×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

"Банкрот болады деген жоқ": Сауранбаев ҚТЖ-ның жағдайын түсіндірді

31.07.2025, 11:47
"Банкрот болады деген жоқ": Сауранбаев ҚТЖ-ның жағдайын түсіндірді
Ulysmedia.kz коллажы

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев өзі басқарған Қазақстан темір жолының бүгінгі жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҰРАҚ

- Сіз көлік министрі қызметіне келмей тұрып, ҚТЖ-ны басқардыңыз. Бірақ былтыр ЖАП төрағасы Әлихан Смайылов “ҚТЖ дефолт жағдайында” деп айтқан болатын. Сіз ҚТЖ-ны дефолт жағдайынан шығарып келіп отырсыз ба, әлде ол жерде мәселелер әлі бар ма?, – деп сұрады журналист. 

ЖАУАП

Сауранбаевтың сөзінше, Смайылов “ҚТЖ басқа бүкіл салаға көмектесіп жатыр” деген. 

- Банкрот болады деген әңгіме айтылған жоқ. Дефолт 2-3 жылдан кейін болуы мүмкін деді. Негізі қазір ондай сұрақ жоқ. ҚТЖ жақсы келе жатыр. Көрсеткіштері жақсы. Келесі жылы IPO болады. Сол кезде инвесторлар қалай бағалайтынын көресіз. 

СМАЙЫЛОВ НЕ ДЕП ЕДІ

Еске салайық, былтыр Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілісте көлік инфрақұрылымына жасалған аудит қорытындысын жариялап, ҚТЖ әрең күн көріп отыр деген еді. 

Серіктес жаңалықтары