"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 3 тамыз, жексенбі күнгі ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, бұл күні Қазақстан аумағы антициклон мен циклон ықпалына бөлінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Метеорологтар таратқан хабарламаға сәйкес, республиканың батысы, солтүстік-батысы, оңтүстігі мен орталығы антициклон жотасының ықпалында болады. Сондықтан бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ал елдің басқа бөліктерінде циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерін сақтайды.
– Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Кейбір өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін, – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Сонымен қатар, еліміздің көптеген аймағында желдің күшеюі күтіледі. Шығыс пен оңтүстік-шығыста – екпінді жел соғады, ал күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік пен солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
АПТАП ЫСТЫҚ
ӨРТ ҚАУПІ