×
539.54
637.09
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.54
637.09
6.52

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келді

03.08.2025, 08:45
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келді

Бүгін, 3 тамызда таңертең БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш жұмыс сапарымен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оны Алматы әуежайында ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднааргачаа қарсы алды.

КЕЛІССӨЗДЕР

Сапар аясында Антониу Гутерриш бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

Кездесуде жаһандық және өңірлік мәселелер, тұрақты даму, климат және Қазақстанның халықаралық күн тәртібіндегі рөлі талқыланады деп күтілуде.

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш — Португалияның бұрынғы премьер-министрі. Ол бұл ұйымды 2017 жылдан бері басқарып келеді. Гутерриш бейбітшілік, климаттық әділеттілік пен адам құқықтарын қорғау жолында белсенді әрекет етіп жүр, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықаралық жүйені реформалау қажет екенін үнемі атап көрсетіп келеді.

Серіктес жаңалықтары