Жапонияда өтіп жатқан EXPO-2025 көрмесінде Өзбекстан павильоны «Көрме стендтері» номинациясы бойынша дизайн саласындағы ең жоғары марапат — Red Dot: Best of the Best жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Өзбекстанның мәдениет пен өнерді дамыту қоры мәлімдеді. Күні кеше павильон туралы Өзбекстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Саида Мирзиеева айтып өтті.
ДӘЙЕКСӨЗ
— Осакада өтіп жатқан әлемдік EXPO 2025 көрмесінде біз Өзбекстан павильонын мақтанышпен ұсынамыз — бұл назар аудартатын әрі шабыттандыратын орын. Бұл жай ғана архитектуралық кеңістік емес. Бұл — мәдениет, технология мен тұрақты даму тоғысқан тірі «Білім бағы», — деді ол.
СЫЙЛЫҚ ТУРАЛЫ
Red Dot Award: Brands & Communication Design сыйлығы — әлемдегі ең беделді дизайн және коммуникация марапаттарының бірі. Бұрын бұл марапатқа Apple, Ferrari, Philips, LG сынды жаһандық брендтер ие болған. Енді олардың қатарына халықаралық аренадағы ұлттық мұраның символы саналатын Өзбекстан павильоны да қосылды.