×
541.82
627.1
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.82
627.1
6.78

«Миы шайқалып, екі қолы сынып келді»: Атырауда жекеменшік балабақшада 3 жастағы қыз ауыр жарақат алған

Бүгін, 14:18
«Миы шайқалып, екі қолы сынып келді»: Атырауда жекеменшік балабақшада 3 жастағы қыз ауыр жарақат алған
Фото: Ашық дереккөзден

Атырауда жекеменшік балабақшалардың бірінде үш жасар қыз ауыр жарақат алды. Бала баспалдақтан құлап кеткен деген болжам бар. Алайда, ата-анасы оқиғаның нақты мән-жайы беймәлім екенін, әрі бейнебақылау камераларының жазбалары көрсетілмегенін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қыздың анасы сол күні балабақшадан қоңырау шалып, баланың басы ауырып тұрғанын, үйге алып кетуін сұрағанын айтады. Ата-анасы келіп жеткенде, балабақша ішінде абыр-сабыр болып, тәрбиешілер кешірім сұраудың орнына өзін ақтауға тырысқан.

«Камераны көрсетуді сұрадық, бірақ бізге монитор жұмыс істемейді, камералар өшірулі болды деді», — дейді баланың анасы.

Оrda сайтының жазуынша, оқиға болған күні қыз ауруханаға жеткізіліп, толық тексеруден өткен. Дәрігерлер жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын, сондай-ақ екі қолының сынғанын анықтаған.

Қыздың ата-анасы болған жағдайға байланысты полицияға арыз түсіргенін. Олар баласының қалай жарақат алғанын ешкім түсіндіре алмағанына наразы.

«Камера жұмыс істемеген, ешқандай түсініктеме жоқ. Менің балам ауыр жарақатпен балабақшадан шықты. Бұл үшін кім жауап береді, белгісіз», — дейді анасы.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі — «Бала өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттеріні тиісінше орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары