×
537.53
620.52
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.53
620.52
6.71

«Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық ісі»: Руслан Берденов тағы да сотқа келмеді

Бүгін, 10:49
«Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық ісі»: Руслан Берденов тағы да сотқа келмеді
ulysmedia коллажы

«Шымкент әкімінің орынбасарына Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша» негізгі сот талқылауы басталды. Берденовтің өзі тағы да сотқа келмеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Істі Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Заң бойынша сотқа келуге міндетті болуына қарамастан Руслан Берденов процеске келмеді.

Tengrinews сайтының жазуынша, адвокат Жеңіс Тыныбек Берденовтің ем қабылдап жатқанын айтқан. Бұған дейін оның отаға дайындалып жатқаны туралы айтылған. Қазір ол шетелде ем алып жатыр.

Алдын ала сот тыңдауы

Алдын ала сот тыңдауы 28 шілдеде басталған. Руслан Берденов оған да қатыспаған. Сот Берденов негізгі сот талқылауына қатысуға міндетті екенін айтқан.

Іс бойынша айыпталушы Ернар Жиембайөзін фото-видеоға түсіруге қарсылық білдірген. Оған қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылған.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 21 сәуірде сотталушы Ернар Жиембай Шымкент қаласы құрылыс басқармасының салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу бөлімінің бастығынан ақпарат алған. Ол Жиембайға әкімнің орынбасары Руслан Берденовтің нұсқауы бойынша «Тұрғынүй Шымкент» ЖШС басшысы қызметінен өз еркімен кетуі керектігін айтқан.

Оқиға болған күн

21 сәуірде Шымкент қалалық әкімдігінің алдында Руслан Берденовке оқ атылғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен оқ атқан «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиембай екені айтылған.

Серіктес жаңалықтары