×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлер санын 50% қысқартатын болды

24.01.2022, 15:48
«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлер санын 50% қысқартатын болды
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы қордың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бүгін Қордың Басқармасы төмендегі шешімдерді қабылдады:

  • Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді. Оған сәйкес, Қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни, 248-ден 124-ке дейін; ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33%) қысқартылды; «кеңесші» қызметтері жойылды. Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды. Қордың жаңа ұйымдық құрылымы ресми веб-сайтта жарияланған.
  • Бизнес жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған Тікелей сатып алудың жаңа тәртібі мен Қадағалау, маркетинг, және импорттың орнын басу ережелері алдын-ала бекітіліп, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, және «Атамекен» ҰКП-ге қарастыруға жіберілді. Бір көзден сатып алуға негіз болатын факторлар қысқартылды. Аталған құжаттарды Директорлар Кеңесі қабылдаған соң Қордың корпоративтік орталығы сатып алу әдістемесін дайындау, сатып алуларды қадағалау және бақылау функцияларын атқарады.
  • Портфельдік компанияларға «Самұрық-Қазына» Қорын реформалау бойынша ҚР Президенті тапсырмаларын орындауды қадағалау жөніндегі құжат жіберілді; жауапты қызметкерлер, іске асыру мерзімдері мен қадағалау индикаторлары анықталды.
  • Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 ж. 24-ші қаңтарындағы шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры А. К. Сұлтановтың, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастарын тоқтату келісілді. Басқарма ҚР Үкіметіне жолданатын Қорды реформалау бағдарламасын дайындау мерзімдерін бекітті.