×
539.38
629.46
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.38
629.46
6.76

«Ауыл баласы – алаңда!»: Алматыда алғаш рет HALYK OPEN футбол турнирі өтті

Бүгін, 12:25
«Ауыл баласы – алаңда!»: Алматыда алғаш рет HALYK OPEN футбол турнирі өтті

Алматыда алғаш рет HALYK OPEN футбол турнирі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен футболдан HALYK OPEN GOLDEN KIDS балалар турнирі өтті. Жарысқа Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген 16 команда қатысты. Halyk қорының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан #АуылФутбол жобасының жаңа кезеңі.

«Басты мақсат – ауыл балаларына үлкен алаңда өздерін көрсетуге мүмкіндік беру», – дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Мамбет. 

Оның сөзінше, ауыл футболы тұйық жол емес, үлкен аренаға бастар трамплин болуы керек.

Турнирге қазақ футболының аңызы – Құралбек Ордабаев пен Ваит Талғаев қатысты. Олар ойындарды тамашалап, жас футболшыларға қолдау көрсетті.

Турнир қалай өтті

Командалар 4 топқа бөлініп, әрқайсында 4 командадан ойнады. Әр ойында үздік ойыншы анықталды. Олар кейіннен символдық құрама жасақталды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

«Ауыл балаларының әлеуеті зор. Бұл тек сөз жүзінде емес, олардың жанкештілігі мен көзіндегі жалыннан-ақ байқаймыз. Әр жеңісі – болашақ ұрпаққа деген мақтаныш», – деді Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Турнир жеңімпаздары:

• Чемпион – «Намыс – Қызылтөбе» (Маңғыстау облысы)
• Күміс жүлде – RedSapsans (Алматы облысы)
• Қола жүлде – «Іле Сәулет» (Алматы облысы)
• Ең жас ойыншы – Сейдахмет Ахмет (2014 ж.т.)
• Турнирдің «Алтын добы» – Абзал Баймұхан

«Ауыл Футбол»

Ұйымдастырушылар турнирді жылына екі рет өткізуді жоспарлап отырғандарын айтты. Осы турнир арқылы ауыл балаларын скауттар мен бапкерлердің назарына іліндіру.

2023 жылғы қарашада Halyk қоры мен #АуылФутбол жобасы арасында мемарандум жасалған. Ол бойынша, 100 ауыл командасын қолдау, 100 жаттықтырушыны оқыту, 14 өңірлік турнир мен бір республикалық финал өткізу, Алматы облысының құрама командасын жасақтау және #АуылФутболAWARDS жүлдесін тағайындау жоспарланған. 2024–2025 жылдары ауыл спортына арналған жобаларға 500 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

 

Серіктес жаңалықтары