×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Бұрынғы қаржы вице-министрі төрт жылға сотталды

23.09.2021, 15:40
фото: Ашық дереккөзден

Сот қаржы министрлігінің бұрынғы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылғы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты Р.С.Еңсебаев, А.А.Ескендіров, Ж.У.Байбосынов, Д.Е.Бұхарбайға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Соттың анықтағаны 

Еңсебаев (қаржы министрлігінің бұрынғы вице-министрі) Байбосынов пен Бұхарбайдан ҚМ-н цифрландыру жобаларын ақпараттық сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетуді сатып алу конкурсында «Аль-Фараби Partners» ЖШС-нің жеңіп шығуы үшін 1,2 млн теңге пара алған.

Ескендіров (ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ақпарат комитетінің төраға орынбасары) Байбосынов пен Бұхарбайдан қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындауға «Астана қаласының телеарнасы» ЖШС мен «Аль-Фараби Partners» ЖШС-нің арасында келісім-шарттар жасасу барысында құжаттарға қол қоюды жеделтету мен қамқорлық жасағаны үшін 2,3 млн теңге пара алған.

Сотталушылардың кінәлары куәлардың айғақтарымен, банктік шоттардың көшірмелерімен дәлелденді.

Еңсебаев пен Ескендіров пара алғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-тің 366-бабының 2-бөлігі). Байбосынов пен Бұхарбай адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет пара бергені үшін кінәлі деп танылды (ҚК-тің 367-бабының 3-бөлігінің 1),3) тар.).

Жаза бойынша соттың шешімі

Пара бергендігі үшін (ҚК-тің 366-бабының 2-бөл.) 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қабылданған анттың бұзылуын таныды. Сондықтан Еңсебаев пен Ескендіровке 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды әділ деп санады. Заң бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет пара беруі аса қатаң жаза – 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Сот Байбосыновқа қатысты жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған балаларының болуын таныды. Бұхарбайға қатысты жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Осыған байланысты, Байбосынов пен Бұхарбайға заңмен қарастырылған жазаның ең төмен мерзімі – 7 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сотталушылар үкімнің жариялануынан кейін қамауға алынды. Барлық сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары