×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанда 600 оқушысы бар мектептер ғана штаттық форматта жұмыс істейтін болды

25.01.2022, 08:34
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып және елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біріншіден, Білім және ғылым министрлігі мен Біріккен ұлттар ұйымының балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұсынымдары бойынша білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды. Мәселен, барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып және қуаты  600 оқушыға дейінгі мектеп штаттық форматта жұмыс жасайды. 600-ден астам оқушысы бар  білім беру ұйымдарында толтыру 50%-дан аспауы керек. Бастауыш мектеп оқушылары штаттық режимде білім алады», - деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, бұл ретте  оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакцинациялаумен қамту деңгейі ескеріледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген: лекциялар – онлайн, қалған сабақтар  икемді кесте бойынша штаттық режимде өтеді.

«Бұл ретте, балалардың арасында да ЖРВИ мен КВИ-ден сырқаттанушылықтың 1,3 есе көбейіп отырғанын ескеріп,  санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантиндік шаралардың орындалуына мониторингті жалғастыратынын және бұзушылықтар анықталған жағдайда, оқыту онлайн форматқа ауыстырылатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері оқушылардың арасында сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары