×
542.66
631.98
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.66
631.98
6.77

Санкт-Петербургте мигранттарға курьер болып жұмыс істеуге тыйым салынды

Бүгін, 09:35
Санкт-Петербургте мигранттарға курьер болып жұмыс істеуге тыйым салынды
Фото: ТАСС

Санкт Петербургте мигранттарға курьер болып жұмыс істеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов қалалық деңгейде мигранттардың курьерлік қызметпен айналысуына тыйым салатын жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатта бұл шешімнің негізгі мақсаты – көлеңкелі жұмыспен қамтудың алдын алу, қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ ресейлік азаматтар, әсіресе жастар мен студенттер үшін жаңа жұмыс орындарын ашу екені айтылған.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, курьер болып жүрген шетел азаматтары көп емес, сондықтан бұл өзгеріс жеткізу нарығына айтарлықтай әсер етпейді. Жаңа ереже үш айдан кейін күшіне енеді.

Бұл Петербургтегі мигранттарға салынған алғашқы тыйым емес. 2025 жылдың шілде айының соңындагубернатор Беглов шетелдік азаматтарға такси жүргізуге және жеке жалға алынған көліктермен жолаушы тасымалдауға да тыйым салған болатын.

Тыйым мен соғыс қауіпі

2025 жылдың басынан бері Ресейдің 47 өңірінде мигранттарға такси мен қоғамдық көлік саласында жұмыс істеуге, 39 өңірде – сауда саласында, 27 өңірде – білім беру жүйесінде,19 өңірде – медицина саласында жұмыс істеуге тыйым салынған.

Кейінгі жылдары Ресейде мигранттарға бақылау күшейген. Ал Ресей Украинаға басып кіргелі Орталық Азия елдерінен барған мигранттарды соғысқа тарту деректері де жиі айтылады.

Серіктес жаңалықтары