×
542.66
631.98
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.66
631.98
6.77

Ресей депутаттары мигранттардың балаларын тегін орта білімнен айыратын заң жобысын ұсынды

Бүгін, 18:05
Ресей депутаттары мигранттардың балаларын тегін орта білімнен айыратын заң жобысын ұсынды
Фото: Интерфакс

Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары мигранттардың балаларын тегін орта білім алу мүмкіндігінен айыратын заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

 «Коммерсанть» басылымының мәліментінше, Заң жобасын ұсынған депутаттар қатарында ЛДПР партиясынан шығарылған Ярослав Нилов, «Справедливая Россия - За правду» партиясының мүшесі Яна Лантратова және КПРФ мүшесі Нина Останина бар. Заң бойысы «Білім туралы заңға» өзгеріс енгізуді көздейді.

Депутаттар бүгінде Ресей мектептерінде 181 мың мигрант баласы оқитыны және олардың көбі «орыс тілін жетік білмегендіктен сабақ оқуда қиналатынын», сол себепті мұғалімдер оларға көбірек көңіл бөлуге мәжбүр екенін айтады. Олардың сөзінше, орта мектептерде мигрант балаларының саны артқандықтан, оқушыларға орын жетіспей, мұғалімдерге артық салмақ түсіп жатыр.

Қарсылық

Ресей ағарту министрлігі бұл бастамаға қарсы шықты. Министрліктің жалпы білім беру департаментінің директоры Александр Реут мәлімдеме жасап, шетел азаматтарының балаларына мектептерде тегін білім алуға тыйым салу Ресей конституциясына қайшы келеді деді.

Контекст

2025 жылдың басынан бері Ресейдің 47 өңірінде мигранттарға такси мен қоғамдық көлік саласында жұмыс істеуге, 39 өңірде – сауда саласында, 27 өңірде – білім беру жүйесінде,19 өңірде – медицина саласында жұмыс істеуге тыйым салынған.

Кейінгі жылдары Ресейде мигранттарға бақылау күшейген. Ал Ресей Украинаға басып кіргелі Орталық Азия елдерінен барған мигранттарды соғысқа тарту деректері де жиі айтылады.

Серіктес жаңалықтары