×
540
630.72
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540
630.72
6.72

Журналистке тілін шығарған Шымкент судьясының үстінен тексеру жүргізіледі

Бүгін, 12:27
Журналистке тілін шығарған Шымкент судьясының үстінен тексеру жүргізіледі
скриншот

Журналистке тілін шығарған Шымкент судьясының үстінен тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиембайдың ісінде судья Әбинұр Қарабаевтың журналистке тілін шығарған видеосы тарады. Осыған байланысты судьяның іс-әрекетіне қатысты тексеріс басталды.

«Төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жасалған қастандық туралы қылмыстық істі қарау кезіндегі әрекеттері судьялық әдеп кодексінің бұзылуына  қатысты тексеруге жатады», – делінген сот баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Егер Судьяның теріс қылық жасау фактісі расталған жағдайда материалдар Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриіне жіберілетін болады.

Контекст

18 тамызда өткен сот процесінде журналист Ботагөз Омарова өзіне тілін шығарған судьяны видеоға түсіріп алған.

«Менің журналистік мансабымда көп нәрсе болды. Бірақ судьяның тілін көрсетуі бірінші рет болып тұр», – деген ол.

Кешегі өткен сот процесінде негізді сот тергеугі аяқталған. Прокурор жарыссөзінде Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал оның қорғау тарапы бас бостандығынан айырмау жазасын беруді сұрады.

Қылмыстық іс

Сот 28 шілдеде  басталған. Істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.

Ернар Жиенбай 6 тамызда өткен сот отырысында Руслан Берденовке оқ атуына қызғаныш пен ар-намысына тиетін сөздер себеп болғанын айтқан. Оның айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайына көңіл білдіріп, жылы сөздер жазылған жеке хабарламалар жіберген. Бірақ 18 тамызда өткен сот процесінде Руслан Берденов бұл сөздердің барлығын жоққа шығарған.

21 сәуірде Шымкент қалалық әкімдігінің алдында Руслан Берденовке қарсы оқ атылғаны жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен оқ атқан «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС басшысы Ернар Жиембай екені белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары