×
538.57
629.48
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.57
629.48
6.71

Саясаттанушы Бектеновтің жасанды интеллект туралы құжатын сынға алды

Бүгін, 15:52
Саясаттанушы Бектеновтің жасанды интеллект туралы құжатын сынға алды
Ulysmedia.kz коллажы

Саясаттанушы Үкіметті құжатты жеткілікті деңгейде пысықтамады деп сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев премьер-министрдің 8 тамызда қол қойған кезекті шешіміне пікір білдірді. Әңгіме «Қамқорлық жасайтын салаларда жасанды интеллектіні енгізу және кеңейту үшін жауапты мемлекеттік органдарды бекіту туралы» өкім жайында.

— Шешім «отандық IT-компанияларды жан-жақты қолдау мақсатында» қабылданған сияқты. Бірақ оның тиімділігі, бәсекелестікті қамтамасыз етуі және қауіпсіздік мәселелері сұрақ тудырады. «Шешімдердің» тізімі бірізді емес, жарнамалық парақшалардан қиып алынған мәтінге ұқсайды («галлюцинацияға төзімді жүйе» деген сияқты). Біз әдеттегідей асығып, бір нәрсені енгізуге ұмтыламыз, – дейді ол.

Құжат

Жалпы, өкім 14 мемлекеттік органға бағытталған. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, Көлік министрлігіне, Энергетика министрлігіне және Ұлттық банкке. Құжатпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары