×
538.57
629.48
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.57
629.48
6.71

Ресейдің Орлов облысынан қазақстандықтар күштеп шығарылды

Бүгін, 18:31
Ресейдің Орлов облысынан қазақстандықтар күштеп шығарылды
Фото: УФССП РФ

Жыл басынан бері Ресейдің Орлов облысынан 70 заңсыз мигрант еліне қайтарылды. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Конго, Камерун, Бангладеш пен Мысыр азаматтары бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей билігінің мәліметінше, шетелдіктер елге кіру ережелерін бұзған, көші-қон тәртібін сақтамаған не заңсыз еңбек қызметімен айналысқан.

- Заңсыз мигранттарға қатысты сот шешімімен Ресей Федерациясынан күштеп шығару жазасы тағайындалды. Бұл шараны Орлов облысы бойынша сот приставтары атқарды, – делінген хабарламада.

Күштеп шығару рәсімі арнайы құжат толтыруды, мигрантты мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктіне жеткізуді және оны ресми түрде Ресей ФСБ шекара қызметіне тапсыруды қамтиды.

САЛДАРЫ

Келесі бес жылда ол азаматтарға Ресейге қайта кіруге тыйым салынады. Ал егер қайтып кіруге әрекет жасаса, оларға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары