×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Қазақстанда колледжге құжат тапсыру мерзімі ұзартылды

Бүгін, 14:46
Қазақстанда колледжге құжат тапсыру мерзімі ұзартылды
diapazon.kz

Оқу-ағарту министрлігі колледжге түсуге өтініш беру барысында Egov.kz порталы мен "Ұлттық білім беру деректер қоры" жүйесінде болған техникалық ақауларға байланысты құжат қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімінің ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Министрліктің мәліметінше, жоғары жүктеме салдарынан талапкерлер өтініш беру кезінде уақытша қиындықтарға тап болған.

Қазіргі таңда барлық техникалық ақау реттелді.

Барлық талапкерге тең мүмкіндік жасау үшін жаңа мерзімдер белгіленді:

  • шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 24 тамызға дейін;
  • педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 тамызға дейін;
  • орта буын мамандарын даярлау мамандықтары бойынша – 27 тамызға дейін.

Қосымша сұрақтар бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне немесе өңірлік білім басқармаларына хабарласуға болады.

Министрлік байланыс нөмірлері:

  • Айтбаева Нұршат Жамбылқызы – +7 (7172) 74-92-84
  • Сатанов Дархан Оралұлы – +7 (7172) 74-24-65

Сондай-ақ, облыстық және қалалық білім басқармаларының байланыс телефондары министрліктің ресми арналарында жарияланған.

Еске салайық, бұған дейін 2025-2026 оқу жылына арналған магистратура бойынша мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланған еді.

 

Серіктес жаңалықтары