×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

«Самұрық-Қазынаның» байлығын халыққа тең бөлсек 500 теңгеден аламыз – депутат

26.01.2022, 09:34
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісмен Аманжан Жамалов «Самұрық-Қазына» қоры неліктен тиімсіз болып шыққаннын зерттеуді талап етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

Депутат мемлекет басшысы Парламент мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын қайта қарауды тапсырғанын еске салды. Қоғамда қордың тағдырына қатысты қызу пікірталас басталған.

«Әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бірақ сарапшылардың сауатты және кәсіби пікірлін хайп пен популизм толқыны шайып кеткені ерекше алаңдатады. Осыған байланысты біз Қорды жаңғыртуға қатысты жүйелі, кезең-кезеңімен жұмыс істеуге қайта оралу қажет деп санаймыз», - дейді ол.

Аманжан Жамалов «Самұрық-Қазынаны» құру кезінде ұлттық компанияларды кәсіби корпоративтік басқару арқылы олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсаты қойылғанын айтады. Мақсатқа қол жеткізілді ме? Осындай сұрақты ортаға тастайды.

«Бүгінде біз осы уақыт ішінде «Самұрық» компаниясынан мемлекеттік бюджетке түсетін дивиденд көлемі олардың инвестициялық жобаларына бюджеттен бөлінген қаражаттан айтарлықтай аз болғанын көріп отырмыз. Мәселен, 2019 жылы «Самұрық» бюджетке 120 млрд теңгеге дивиденд төлеген. Ал таза пайда 1,4 трлн теңгені құраған. Осы жылдар ішінде қордың құрылымы үкіметтің функцияларын алмастырып алды. Қор қаражаттың басым бөлігін иеліктен шығаруда да, несиелер тартуда да дербес саясат жүргізді. Бүгінде қордағы үлесті әрбір азаматқа үлестіру туралы ұсыныстар бар. Бір қарағанда, идея өте тартымды. Алайда есептеп қарасаңыз, «Самұрықтың» қазіргі қаржылық жағдайындағы мұндай үлестен түсетін табыс айына бір адамға небәрі 500 теңгені құрайды екен. Сол себепті шу көтергенше қор осыншама неліктен тиімсіз болып қалғанын жіті зерттеу керек», - дейді ол.

 

Серіктес жаңалықтары