×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

«Халықтық құрылыстың» қызығын халық көре ала ма - Ұлыс апта

Бүгін, 21:00

Сауранбаев кетті. «Қазпоштаны» тазалап шыққан Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары - көлік министрі болып келді. Енді ол көлік, авиация, инфрақұрылым салаларын былықтан тазарта ала ма?

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазынаны» сынға алды. Пайдасы өсіп жатқан қордың жобалары неге кешігіп жатыр? Менің ойымша, ұлттық компаниялардың жұмысына аудит жасап, топ-менеджерлердің жұмыстағы тиімділігін тексеру керек. Кофе ішіп, миллиондаған бонустар алатын заман емес қазір. Халыққа жобалардың уақытылы және сапалы орындалуы қажет.

Қытайлық компаниялар Қазақстанға қанша салық төлейді? Ұлыс тілшісіне министр: «Бұл ақпарат сізге не үшін керек?» - деп жауаптан қашты. Сонда өз еліміздің байлығынан қандай пайда көріп отырғанымызды сұрауға болмай ма?

Қайта Нұрлыбек Нәлібаев: «Әр инвестициялық жобада тек мемлекеттік мүдде ескеріледі», - деп өте дұрыс жауап берді.

Ал Украинада келіссөзге дайындық жүріп жатыр. Бірақ шабуылдар тоқтаған жоқ. Мелания Трамптың арағайындығы үлкен бейбітшілікке жол аша ала ма?

Америкадағы сайлау қазір ел аузында. Демократтар жеңген аралық сайлаудың нәтижесін Трамп дәуірінің соңы деуге бола ма?

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көріңіздер. 

Сізге қызық болуы мүмкін