×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды

Бүгін, 17:38
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президентіне іздеу жарияланды
«Қызылжар» футбол клубы

Қазақстанда «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды. Ол сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, сондай-ақ, салық төлеуден жалтару ісі бойынша күдікке ілінген болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Бас прокуратураның Құқықтық статистика порталындағы мәліметке сәйкес, іздестіру ісі 2026 жылғы 7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

Іздеу жариялауға Қаржы мониторингі агенттігі бастамашы болған. Қазір клубтың бұрынғы басшысын облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті іздестіріп жатыр.

Григорий Лорияға қандай себеппен іздеу жарияланғаны әзірге нақтыланбады.

Бұған дейін тергеуге шақырылған

Еске салайық, 72 жастағы Григорий Лория 5 қарашада тергеуге келуге тиіс болған.

Тергеушілер оған Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша күдік келтіріліп отырғанын ресми түрде хабарлауды жоспарлаған.

Бұған дейін Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Қызылжар» клубының бұрынғы президентіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған. Алайда тергеудің өзге мән-жайлары жарияланбады.

2026 жылғы ақпанда осы қылмыстық іс бойынша «Қызылжар» клубының бұрынғы есепшісі Ольга Замелацкая жеті жылға бас бостандығынан айырылған.

Сот оны мүлікті иемдену және талан-таражға салу, сондай-ақ, салық төлеуден жалтару баптары бойынша кінәлі деп таныған.

Сонымен қатар, сот шешімімен одан футбол клубының пайдасына 70 миллион теңге, мемлекеттік кірістер органдарының пайдасына 287 миллион теңге және мемлекет кірісіне тағы 10,6 миллион теңге өндіру міндеттелген.

Сізге қызық болуы мүмкін