×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

Тоқаев Малайзия премьер-министрін құттықтады

31.08.2025, 09:06
Тоқаев Малайзия премьер-министрін құттықтады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі.

АНЫҚТАМА

Малайзия өз тәуелсіздігін 1957 жылғы 31 тамызда алған.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнаған. Екі ел білім, сауда, инвестиция және мәдениет салаларында тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. 

Серіктес жаңалықтары