×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

Тоқаев Мирзиеев пен өзбек халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 09:01
Тоқаев Мирзиеев пен өзбек халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақорда

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеев пен бауырлас халықты Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиеевтің қуатты әрі беделді басшылығымен Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық дамуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және халықаралық аренада ұлттық мүддесін ілгерілетуде таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.

– Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы ретінде Сіздің еліңізбен сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дами беретініне сенімдімін. Бұл бауырлас халықтарымыздың игілігіне қызмет етіп, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді, – деп жазылған жеделхатта.

АНЫҚТАМА

Өзбекстан 1991 жылдың 1 қыркүйегінде тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн бүгінде елдің ең басты ұлттық мерекесі болып саналады.

 

 

Серіктес жаңалықтары