×
538.54
628.31
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.54
628.31
6.7

Йеменде хуситтер БҰҰ–ның 11 қызметкерін тұтқынға алды

Бүгін, 15:36
Йеменде хуситтер БҰҰ–ның 11 қызметкерін тұтқынға алды
Фото: Reuters

Йеменде хуситтер Біріккен Ұлттар Ұйымының 11 қызметкерін тұтқынға алды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш хуситтердің әрекетін сынады. Олар қызметкерлерді тұтқындаудан бөлек, ұйымның Сана қаласындағы кеңсесіне басып кіріп, техникаларды да қолды еткен.

«Мен өз талаптарымды қайталап, олардың дереу және ешқандай шартсыз босатылуын талап етемін, сондай-ақ 2024 жылғы маусым айынан бастап жаппай ұсталған БҰҰ қызметкерлерін, халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғамның және дипломатиялық миссиялардың барлық басқа қызметкерлерін, сондай-ақ 2021 және 2023 жылдары ұсталғандарды да босатуды талап етемін. Адамдарды ұстауды жалғастыру мүлде қабылданбайды», – деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы.

Гутерриштің сөзінше, БҰҰ өз қызметкерлерінің толық босатылуын талап етуін жалғастырады және Йемен халқын қолдайды.

Бұған дейін 2025 жылдың 28 тамызында Хуситтер үкіметінің басшысы және бірнеше министрлер қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары