×
539.55
627.55
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.55
627.55
6.7

Қазақстан мұнай өндірудің шегіне жетті – сарапшы

Бүгін, 18:40
Қазақстан мұнай өндірудің шегіне жетті – сарапшы
Ulysmedia.kz коллажы

Ел мұнай өндірудің күрт қысқаруы және осы саладағы жұмыссыздық толқынының алдында тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұнай-газ саласының, мұнай-газ химиясы мен энергетика саласының сарапшысы, Pace Telegram-арнасының авторы Асқар Исмаиловтың айтуынша, Қазақстан «қара алтын» өндірудің шегіне жетті. Оның дерегінше, ел мұнай өндіру көлемін жылына 100 млн тоннадан асыра алмайды.

– Теңіздегі өндіру өсімі (келесі үш жылда) Қашаған мен тәуелсіз мұнай компанияларындағы өндірудің төмендеуін ғана жабады. Ал кейін оның өзі де құлдырай бастайды. Қызылорда облысында да мұнай өндіру қарқыны катастрофалық түрде төмендеп жатыр. Саланың 15 мыңға жуық қызметкері жұмыссыз қалу қаупінде тұр, – деді ол.

КОНТЕКСТ

Биыл жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның мұнай экспортынан түскен табысы 11,4%-ға азайды. Бұған дейін журналист Андрей Зубов Қазақстан экономикасының мұнайға тәуелділіктен біртіндеп арылу процесін талдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары