Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірқатар шенеунік ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Балаеваның сөзінше, кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталғаны туралы расталмаған ақпарат таратылуда.
- Ақпараттың шынайылығын тексеру міндеті, кінәсіздік презумпциясы қағидасы, сондай-ақ журналистік этика бар екенін есте сақтау қажет. «Хайп» қуып, көбіне расталмаған деректерге жүгінген кезде журналистер мұндай ақпараттың азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян келтіруі мүмкін екенін, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан тигізетінін, шын мәнінде жала болып табылатынын ұмытпауы тиіс, дейді министр.
Аида Балаева кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауы тиіс міндеттерді ұстануға шақырып, сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.
КОНТЕКСТ
Қазнетте сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.