×
540.05
629.16
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.05
629.16
6.65

Өзбекстан шекарадан жасырынып өтпек болған екі қырғызға оқ атқан

Бүгін, 12:27
Өзбекстан шекарадан жасырынып өтпек болған екі қырғызға оқ атқан
Фото: Өзбекстан шекара қызметінен

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерлері Қырғызстанның екі азаматы қаза тапқан шекарадағы оқиғаға қатысты толық мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өзбекстанның шекара қызметінің дерегінше, 15 тамызда шекара маңында әскери қызметшілер екі бейтаныс адамды байқап қалған. Олар тоқтауды бұйырғанымен, шекара бұзушылар қашуға тырысқан. Кейін әскери қызметшілер ескерту ретінде аспанға оқ атқан. Алайда бейтаныстар тағы да жасырынбақ болды.

- Осыдан кейін соңғы шара ретінде оларға қару қолданылды. Нәтижесінде олар жараланды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, оқиға орнында көз жұмды. Тексеру кезінде бір шатыр, үш жылқы, азық-түлік пен үшінші адамның ізі табылды. Ол жасырынып үлгерген, – деп мәлімдеді Өзбекстан шекара қызметі.

ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАНҒА ҮНДЕУ

Сол күні Өзбекстан әскери қызметшілері оқиға жөнінде Қырғызстан мен Қазақстанның шекара ведомстволарына хабарлаған. Қаза тапқандардың қырғыз азаматтары екені анықталып, олардың денелері туыстарына табысталды.

- Тергеу нәтижесінде шекара нарядының әрекеттері Өзбекстан заңнамасына сәйкес деп танылды. Қырғызстан азаматтарының мемлекеттік шекараны бұзғаны расталды. Сондай-ақ үшінші адамның Қырғызстан аумағына қайтып кеткені және жасырынғаны дәлелденді. Оның жеке басын анықтап, тиісті шаралар қабылдау жөнінде келісімге қол жеткізілді, – деді Өзбекстан шекара қызметі.

Серіктес жаңалықтары