×
536.76
630.85
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.76
630.85
6.45

"10 министр ауыстырсаңыз да ол нәтиже бермейді" - Ринат Зайытов

Бүгін, 13:40
"10 министр ауыстырсаңыз да ол нәтиже бермейді" - Ринат Зайытов
ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Талғардағы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Зайытов қанша шенеунік ауысқанымен нәтиже болмайтынын айтады. 

- 10 министр, 20 министр ауыстырыңыз, ол нәтиже бермейді. Идеология, ұрпақты тәрбиелеңіздер. Балабақшадан бастау керек. Бұл қоғамның кінәсі. Оның ішінде бәрі бар. Сіз де, мен де, құқық қорғау органдары да бармын, дейді депутат. 

Ол бұл жүйелі проблема екенін айтты. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, 6 қыркүйек кешке Алматы облысы Талғар ауданында бейтаныс адам ер азаматты атып өлтіріп, кішкентай қызды алып кеткен.

Полиция мәліметінше, ер адамды өлтіру және бала ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, күдікті қыздың анасымен бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Араларында жанжал шығып, ер адам жәбірленушінің ағасына мылтықпен оқ атқан. Оқ тиген ер адам жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары