×
541.18
636.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.18
636.05
6.52

Мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқырғандар сотталды

Бүгін, 18:21
Мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқырғандар сотталды
Ulysmedia.kz коллажы

Маңғыстау облысында мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өткен жылы Маңғыстау облысында мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілген. Тексеру нәтижелері бойынша «West Oil Software» ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

ТЕРГЕУ

Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.

СОТ ҮКІМІ

Сотпен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлері тағайындалды. Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.

Серіктес жаңалықтары