БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қауіпсіздік кеңесін жаңғырту уақыт талабы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның сөзінше, Кеңестің қазіргі құрамы 1945 жылғы жағдайға сәйкес келеді, алайда бүгінгі әлемнің шындығына сай емес.
- Бұл тек заңдылық емес, сонымен бірге тиімділік тұрғысынан да мәселе туғызуда, — деді ол.
Гутерриш Франция мен Ұлыбританияның жаппай адам құқықтарының бұзылуы секілді төтенше жағдайларда вето құқығын шектеу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та БҰҰ-ны, әсіресе Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттігін атап өткен. Мемлекет басшысы Нью-Йоркте өтетін Бас Ассамблеяның мерейтойлық сессиясында халықаралық ахуалға қатысты Қазақстанның ұстанымын және ұйымды реформалау жөніндегі ұсыныстарын таныстырмақ.